Алматының Алатау ауданында сауда орталығы мен ойын-сауық саябағы бар кешен салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының Алатау ауданында сауда орталығы мен ойын-сауық саябағы бар кешен салынады

Алматының Алатау ауданында сауда орталығы мен ойын-сауық саябағы бар кешен салынады

Алматының қала құрылысы кеңесі Алатау ауданында сауда орталығы мен ойын-сауык саябағы бар көпфункционалды «Кристалл» кешенінің құрылысы жобасын мақұлдады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

  • 14 Маусым 2011
  • 1264
Фото - Caravan.kz

«Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен өткен қала құрылысы кеңесінің мүшелері жаңа әкімшілік ауданда салынатын көпфункционалды құрылыстың концептуалды жобасын бірауыздан мақұлдады», — делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, архитектуралық кешен тарихи аймақ – Боролдай сақ қорғандарының маңына салынады. Ол өз алдына дербес бірнеше нысандарды құрайды, жаяу жүргінші көшесі, «уақыт өзенінің» символы іспетті су ағысы болады. Кешеннің құрылыс аумағы – 150 мың шаршы метр.

«Кешенде аттракциондар, көп ярусты аквапарк, түрлі температуралық режимде жұмыс істейтін әрі емдік қасиеті бар бассейн болады.», — делінген ақпаратта.

Жобада этнопарк та жоспарланған, мұнда әлем халықтарының асханалары, «шеберлер қаласы» жұмыс істеп, болашақта кәдесыйлар шығарылатын болады. Кешенде ересектер мен балалар үшін спорт алаңдары, алты залы бар кинотеатр, концерттер, фестивальдер, конференциялар өткізетін өзге де нысандар салынады. Бизнес — орталық пен отель де осында орналасады.

Кешенде автономды қазандық жұмыс істеп, соның арқасында жылу мен ыстық су еш іркіліссіз беріледі, ал суық су, электр мен газ Алатау ауданында салынатын подстанция арқылы Алматының инженерлік желісімен жеткізіледі.

Жобаны таныстырған Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменовтің пікірінше, жаңа кешен мегаполисті солтүстік- батыс бағытқа қарай дамытуға серпін беріп, инвесторларды «тарту нүктесіне» айналады.

««Үш жыл ішінде Алатау ауданы оң өзгерістерге ұшырады. Оның дамуына 48 млрд. теңге тартылып отыр. Мұндай кешен қалаға қажет, бірақ оның қаржыландырылуы мен құрылысының уақтылы аяқталатындығына кепілдік керек.Бұлардан өзге, кешен маңындағы көліктік жүйені де ойластырған жөн, жобаны сол маңдағы жақын аймақтармен байланыстырып жасаған дұрыс. Жалпы, жоба өте құнды әрі маңызды», — деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар