Алматының Әуезов ауданында апат салдарынан үзіліп қалған газ қамтамасыздығы қайта жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының Әуезов ауданында апат салдарынан үзіліп қалған газ қамтамасыздығы қайта жанданды

Алматының Әуезов ауданында апат салдарынан үзіліп қалған газ қамтамасыздығы қайта жанданды

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Әуезов ауданында апат салдарынан үзіліп қалған газ қамтамасыздығы қайта жанданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қараша 2008
  • 414
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 қараша күнгі сағат 17.40-тағы жағдаймен жөндеу жұмыстары аяқталып, үйлерге газ берілді. Жөндеу жұмыстарын «Алматы газ желісі» ЖШС-нің 10 адамы мен 4 техникасынан құралған апаттық топ жүргізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда газ құбырындағы апат салдарынан жер үйлер секторындағы 114 абонент газсыз қалды. ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4 қарашада сағат 17.50-де Алматының Әуезов ауданы Асқаров көшесінде «Алматы» шипажайының маңында «Ново» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі диаметрі 159 миллиметрлік орта қысымды газ құбырын соқты. Соның салдарынан 12 шкафты тарату бөлімі үзілді. Жер үйлер секторындағы 114 абонент газдан қағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар