Алматының азық-түлік белдеуін құру аясында 3 жылда 20 жоба іске асырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының азық-түлік белдеуін құру аясында 3 жылда 20 жоба іске асырылды

Алматының азық-түлік белдеуін құру аясында 3 жылда 20 жоба іске асырылды

Алматы облысында Алматы маңында азық-түлік белдеуін жасау аясында 3 жыл ішінде 20 жоба іске асырылды, деп облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков мәлім етті.

  • 15 Маусым 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Іске асырылған жобалардан басқа 32 млрд сомалық 28 жоба іске асырылуын күтіп жатыр. Оларды іске қосу 2011-2014-ші жылдарға жоспарланған», — деді Т. Досымбеков сәрсенбі күні Алматы маңында азық-түлік белдеуін құруға арналған кеңесте.

Атап айтқанда, әкім орынбасарының айтуынша, сүт өнімдерінің тапшылығын жою үшін облыста бірнеше кәсіпорын іске қосылған. Оның ішінде Талғар ауданында «Амиран» ЖШС балалар сүт тағамдарын өндіреді, Іле ауданында «Danon-Berkut» ЖШС 12 тонна сүт өндіреді. Сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданында «Фуд Мастер» және «Адал АОК», Іле ауданында — «Райымбек-Агро», «Данон Беркут», Қаратал ауданында — «Үштөбе Айдын», Талдықорғанда — «Лактис» ЖШС пен тағы 17 шағын цехтар жұмыс істейді.

Сондай-ақ ет өндіретін де бірнеше кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Олармен қоса, 2011 жылы қуаты жылына 1250 тонна ет өндіретін «Байсерке-Агро» ЖШС ет комбинатын іске қосу жоспарлануда. Облыста 68 бордақылау кешені жұмыс істейді. Тағы үш осындай алаңдар салынбақшы. Облыста мал соятын 141 орын бар.

Т. Досмыбековтың айтуынша, жазғы уатта облыс Алматыны толығымен көкөніспен қамтамасыз етеді. Бірақ, оның айтуынша, көкөніспен қамтамасыз етуде маусымдық тапшылық бар, сондықтан жылыжайлар салу керек. Оның айтуынша, облыста жалпы ауданы 70,2 га болатын 562 жылыжай бар. Тағы 22,7 болатын 106 жылыжай аяқталып келеді. Ағымдағы жылы 441 жылыжайдан 2825 тонна көкөніс жиналды.

«Осы шаралардың барлығы жақын аралықта Алматы тұрғындарын жеткілікті дәрежеде азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Т. Досымбеков.

Соңғы жаңалықтар