Алматының барахолка базарындағы өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Сaravan.kz тілшісіне еліміздің ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
«Алматының барахолка базарындағы толық сөндірілді. Оның аумағы 3000 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», — деді Руслан Иманқұлов.
Шамамен 5 сағатқа созылған өртті сөндіру үшін екі КА – 32 тікұшағы тартылы. 35 мәрте ұшқан әуе көлігі өрт аумағына 100 тонна су шашқан. Сондай-ақ тілсіз жауды жоюға жеке құрамнан 360-тан астам адам, 50-ден астам техника жұмылдырылды Өртті дер кезінде жоюға қоймалардағы қою түтін мен тез тұтанғыш тауарлардың көп болуы әсер еттті.
Еске сала кетелік, барахолканың «Олжа» базарындағы өрт туралы алғашқы суыт хабар «101» кезекші бөліміне 16 сағат 26 минутта келіп түскен болатын.
