Алматының бас санитар дәрігері карантиннен шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бас санитар дәрігері карантиннен шықты

Алматының бас санитар дәрігері карантиннен шықты

Айзат Молдағасымова 14 күн бойы үй карантинінде болды. Сынама оның коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын көрсетіп отыр

  • 25 Наурыз 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова жұмысқа шықты. Ол үй карантинінде болған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақта болғаны хабарланды.

"Наурыздың 10-нан 24-не дейін үй карантинінде болдым. Дәрігер менің жұмысқа шығуыма болатынын айтты. Екі рет сынама тапсырдым, вирус жұқтырмағанымды көрсетті", — деді ол баспасөз мәслихатында.

Молдағасымова коронавирус бойынша қауіпті саналмайтын елден Германия арқылы транзитпен ұшқанын айтты.


"Германия вирус қаупі бойынша екінші санатта болатын. Мен транзиттік аймақта небәрі бір жарым сағат болдым", — деді ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырды. Елордада — 41, Алматыда -31, Қарағандыда — 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте 1 жағдайдан тіркелді.

 

Соңғы жаңалықтар