Алматының билік, қоғам және бизнес өкілдері қаланың ірі сауда нүктелеріне рейд жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының билік, қоғам және бизнес өкілдері қаланың ірі сауда нүктелеріне рейд жүргізеді

Алматының билік, қоғам және бизнес өкілдері қаланың ірі сауда нүктелеріне рейд жүргізеді

Алматыда жергілікті әкімшілік, жастар ұйымдары және эстрада жұлдыздары қаладағы ірі сауда орындарына рейд жасап,

  • 2 Маусым 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

21 жасқа толмаған жастарға алкогольді өнімдерді сатпау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

«Сыра сақшысы» атты рейдті «Carlsberg Қазақстан» сыра қайнату компаниясы ұйымдастырып отыр. Компания баспасөз қызметінен атап көрсеткендей, мұндай рейдтер Ресейде «Балтика» компаниясының ұйытқы болуымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Алматы қаласының сауда нүктелерін аралайтын топтардың құрамына «Carlsberg Қазақстан» компаниясының қызметкерлері, Алматы әкімшілігінің, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының және Қазақстан студенттері Альянсының өкілдері, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. Олар үш топқа бөлініп, үш бағытта жолға шықпақ. Рейд барысында 30-дан астам сауда нүктесі қамтылады, жағдай зерттеліп, бөлшек сауда өкілдері арасында 21 жасқа толмаған жастарға алкоголь өнімдерін сатпау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.

Рейд нәтижелері бойынша бүгін баспасөз мәслихаты өткізіледі.