Алматының бірқатар аудандарында жарықпен қамту уақытша тоқтатылды
![]() |
Алматының бірқатар аудандарында бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізуге және ағаштарды кесуге байланысты электрмен қамту уақытша тоқтатылды. |
"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС сайтындағы хабарламаға сәйкес, Шәріпов-Иштван Қоңыр - Николаев, Кассин - Сейфуллин, Қарасай батыр - Қожамқұлов - Бөгенбай батыр - Мұқанов көшелері ауданында жарық сөндірілді.
Бұл ағаштарды кесу жұмыстары кезінде қауіпсіздік үшін қажет шара болып отыр.
Сонымен қатар, әуе желілерін жөндеу үшін "Шаңырақ" ықшам ауданы, сондай-ақ Қарасай батыр - Бөгенбай батыр - Розыбакиев - Аносов, Витебск - Розыбакиев - Радостовец - Қабанбай батыр көшелері ауданында да жарықпен қамту уақытша тоқтатылды.
Трансформаторлық қосалқы станцияларда қондырғыларды жөндеуге байланысты Аносов - Розыбакиев, Щербаков - Чехов - Шолохов - Пугачев, Әуезо - Тимирязев - 6-шы желі - Ғабдуллин көшелері, сондай-ақ "Құрылысшы" және "Ақсай-2" көшелерінде қуатпен қамту уақытша тоқтатылды.
Сағат 17.00-де электр беру қалпына келтіріледі, дейді "АлматыЭнергоСбыт".
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін