Алматының даму бағдарламасы қала тұрғындарының ашық талқылауына түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының даму бағдарламасы қала тұрғындарының ашық талқылауына түседі

Алматының даму бағдарламасы қала тұрғындарының ашық талқылауына түседі

Алматы әкімдігінде қаланың 2020 жылға дейін Даму бағдарламасын жасау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

  • 4 Қараша 2015
  • 582
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында қаланың даму бағдарламасын қабылдау кезінде қала тұрғындарының пікірі ескерілетіні айтылды.

Бағдарлама жобасы ертең almaty.gov.kz сайтында жарияланып, көпшіліктің талқысына түсетін болады. Қала тұрғындары келесі айға дейін ұсыныстарын almaty2020@a-a.kz электронды мекенжайына жібере алады.

Бұл — Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын іс жүзінде жүзеге асырудың бір тетігі, дейді мамандар.

Аталған жобаны жасауға мемлекеттік органдардың ғана емес, белгілі  «МcKinsey&Company» компаниясының сарапшылары тартылды.

Сондай-ақ, даму бағдарламасын жан-жақты талқылайтын қоғамдық кеңес құрылады. Оған қаладағы беделді үкіметтік емес ұйымдар мен қаржы институттарының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, қоғам қайраткерлері кіреді. Жақын арада салалық топтардың сұхбат алаңы ұйымдастырылады.

«Алматы-2020» бағдарламасында дамудың 7 негізгі бағыты қарастырылған: жайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік қала, экономикалық тұрақты қала, жеке капитал мен бизнеске жайлы қала, белсенді азаматтар қаласы, бейімделген қала.


«Қаланың ең басты байлығы  адамдар, олардың шығармашылық әлеуеті мен ақыл-ойы. Қазіргі таңда ешбір қаланың дамуы тұрғындардың белсенді араласуынсыз шешілмейді. Ортақ мәселені шешуге бағытталған ортақ мүдде қала дамуының басты қозғаушы күші. Алматы — белсенді азаматтар қаласы. Мұнда азаматтық қоғам ашық дамып келеді», — деді қала әкімі Бауыржан Байбек. 

Соңғы жаңалықтар