Алматының экс-әкімі Храпуновқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының экс-әкімі Храпуновқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Алматының экс-әкімі Храпуновқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, деп «Время» газеті хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Виктор Вячеславович Храпунов… азды-көпті, Алматыда жеті жарым жыл – 1997 жылдың маусым айынан 2004-ші жылғы желтоқсан айына дейін басшылық жасады», — деп еске салады басылым.

«Оның ең ауқымды «олжаларының» арасында Алматы әуежайының жаңа терминалы. Ол 1999 жылы жанып кеткен ескі әуежайдың орнына салынған болатын. Кейбір есептеулер бойынша ол осы құрылыстан кем дегенде миллион доллар пайда тапқан. Ал одан басқа да «майлы шелпектер» болды емес па? Мысалы, кезінде бельгиялық «Трактебель» компаниясына су тегінге берілген Алматы энергокешені», — делінген мақалада.

В. Храпунов қазір Швейцарияда тұрып жатқаны белгілі. Ол онда тұрақты мекен етуге 2008-ші жылы кеткен болатын. Онда ол сол елдегі ең бай 300 адам тізіміне енді. Оның байлығы $290-нан $380 млн аралығында деп бағаланды.

Соңғы жаңалықтар