Алматының екі патрульдік полиция қызметкерлері "Айбын" орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының екі патрульдік полиция қызметкерлері "Айбын" орденімен марапатталды

Алматының екі патрульдік полиция қызметкерлері "Айбын" орденімен марапатталды

Алматыда бүгін «Боран-170» патрульдік экипажына биыл шілдеде жасалған шабуыл кезінде құрбан болған полиция қызметкерлері Ерназ Қожахметов пен Ержан Қайрақбаевқа екінші дәрежелі «Айбын» ордендері табыс етілді.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 292
Фото - Caravan.kz

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, марқұмдардың отбасыларына награданы Алматы ІІД басшысы подиция генерал-майоры Ерлан Тұрғынбаев тапсырды.

«Қызметтік бабын атқару кезінде құрбан болған патрульдік қызметкрелер осыншама жоғары наградаға лайық. Олар өз бастарын қауіпке тігіп, қоғамдық тәртіпті күзетті және қылмысқа қарсы арпалыста қаза болды. Олар өз қызметтік борышын адал атқарды», — деп Е.Тұрғынбаев атап көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, 28 шілде күні Алматының Түркісіб ауданында «Боран-170» патрульдік экипажына шабуыл жасалды. Бір полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмдығ ал екінші полиция қызметкері алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
30 шілде күні көпқабатты үйдегі пәтерге бой тасалаған күдіктілерді ұстау бойынша арнайы шара өткізіліп, қарсылық көрсеткен алты қылмыскердің арнайы қызметшілер көзін жойды.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тәуелсіздік жылдарда қызметтік міндетінорындау барысында Алматының 147 полицейі жарақат алып, 20 полицей көз жұмған.