Алматының ең сұлу қызы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының ең сұлу қызы анықталды

Алматының ең сұлу қызы анықталды

Алматының ең сұлу қызы анықталды! З айға жуық уақытқа созылған биылғы «Алматы аруы» байқауында 20 жастағы Регина Вальтер жеңімпаз атанды.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Регина Вальтер, «Алматы аруы – 2015» байқауының жеңімпазы:

— Мен әлі сене алар емеспін. Түс көріп тұрған сияқтымын. Негізі, жеңіске жету үшін бар күшімді салдым.

Алматы аруы атанған Регина Вальтер Ресейдегі Түмен мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің студенті. Ол су волейболымен айналысады және қазір спорт шеберлігіне үміткер. Аруға тәжді өзімен аттас былтырғы жеңімпаз Регина Вандышева тақты. Жалпы байқаудың іріктеу кезеңіне келген 200-ден астам бойжеткеннің арасынан 22-сі таңдалған. 3 ай бойы түрлі кезеңдерден өтіп, озық шыққан 12 ару финалға жолдама алды. Ақтық сында қатысушылар  ұлттық киімде, кешкі көйлекте және спорттық үлгідегі киімдермен сән үлгісін көрсетті. Ал қазылар алқасы үшін жеңімпазды таңдау оңайға түспеді. Енді Регина Вальтер келесі жылы «Ғаламшар аруы» байқауында еліміздің намысын қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар