Caravan Logo

Алматының Халықаралық әуежайында кезекті рет валюта контрабандасының жолы кесілді

Алматының Халықаралық әуежайында кезекті рет валюта контрабандасының жолы кесілді

«Алматы-Душанбе» бағытындағы авиарейсті рәсімдеу кезінде Тәжікстан азаматынан кеден органында декларацияланбаған 33 700 АҚШ доллары табылды.

Бұған дейін «Алматы - Үрімші» әуе рейсімен ҚХР-ға 32 580 АҚШ долларын алып шықпақ болған ҚР азаматының шетел валютасын заңсыз алып шығу әрекетіне тосқауыл қойылған болатын.

Аталмыш фактілер бойынша Алматы қалалық кедендік бақылау департаменті тергеуалды тексерістерді жүргізуде.