Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының кішкентай тұрғынына француз бульдогын сыйлады, деп хабарлайды Sputnik.
Медина Майсарова бір ай бұрын президентке хат жазып, Жаңа жылға күшік сыйлауын өтініпті. Армандаған сыйлығын Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев табыстады.
"Хатты бір ай бұрын жаздым, ит асырауды көптен бері армандап жүргенмін, анам рұқсат бермей қойды. Ол президенттің күшік сыйлайтынына сенбей, қалжың деп ойлаған. Ал мен ғажайыпқа сеніп, мінекей, арманым орындалды", — дейді Медина Байсарова.