Алматының М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді

Алматының М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді

Алматының М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді.

  • 25 Тамыз 2011
  • 557
Фото - Caravan.kz

Театрдың 26-30 тамыз аралығында өтетін гастролі Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. 5 күн қатарынан алматылық әртістер К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында көрермендер назарына 3 спектакльдің қойылымын ұсынатын болады.

Олар — Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхамеджановтың «Фудзияманың шыңына шығу», Марк Камолеттидің «Пижама на шестерых» және Рустам Ибрагимбековтың «Ищу партнёра для нечастых встреч» спектакльдері.

Бүгін елордада журналистермен кездесу өткізген театр директоры Юрий Якушев «Фудзияманың шыңына шығу» спектакліне ерекше тоқталды. Сахналық өңдеу жұмыстары мен қойылымды ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рубен Андриасян жүзеге асыратын болады. Ал, қоюшы-суретшісі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты — Владимир Кужель. Музыкалық әрлеушісі — Александр Костромыкин.

Қойылымның сюжеті Ш. Айтматовтікі, ал пьесаны Қ.Мұхамеджанов толықтырып жазып шыққан. Р. Андриасянның айтуынша, спектакль өзінің салтанатты шеруін мәскеулік «Современник» театрынан 70-ші жылдары бастау алған.

«Ол тек Кеңес елдерінде ғана көрсетіліп қойылған жоқ, сонымен қатар, Вашингтон, Лондон, Токио қалаларында да қойылған. Бүгінде пьеса 30 жылдан аса әлем театрлары сахнасынан түспей келеді», — дейді ол.

Перейти к новостям спорта