«Жыл сайын №6 және №13 көлдердегі бөгеттердің бұзылуының алдын алу үшін ТЖМ күштері қар суының кедергісіз өтуі үшін арналарды тазарту жұмыстарын жүргізетінін айтайын. Бұл көлдер біздің бекеттердің тұрақты бақылауында», — деді В. Божко жұма күні сенатта «Өңір» депутаттық тобының ТЖМ мәселелеріне арналған отырысында.
Министр өзі басқаратын ведомство білім министрлігінің география институтымен бірлесіп көлдердегі бөгеттердің бұзылуына жол бермеу шараларын қолға алғанын айтты.