Алматының нақтылған бюджеті қыркүйекте 26,4 миллиард теңгеге ұлғаюы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының нақтылған бюджеті қыркүйекте 26,4 миллиард теңгеге ұлғаюы мүмкін

Алматының нақтылған бюджеті қыркүйекте 26,4 миллиард теңгеге ұлғаюы мүмкін

Статистика басқармасының мәліметі бойынша, Алматыда алғашқы жартыжылдықта өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20 пайызға өсті.

  • 8 Шiлде 2011
  • 608
Фото - Caravan.kz

Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыда IV сайланған мәслихаттың ХХХХV сессиясында айтты.

«17 маусымда Үкімет Алматы қаласын дамыту мәселесін қарады. Онда Қаржы министрлігі республикалық бюджетті қарап, Алматы қаласы әкімінің ұсынысына байланысты 2011 жылға 26,4 миллиард теңге қаржы бөлу туралы шешім шығарылды. Қыркүйекте бюджет тағы нақтыланады. Парламент депутаттары мақұлдаса біздің бюджет тағы 26,4 миллиард теңгеге ұлғаяды деп үміттенемін», — деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, көрші елдердің метроларында болып жатқан неше түрлі жағдайларға байланысты қауіпсіздікті күшейтудің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ол дайын болған кезде қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдоловтың баяндамасында айтылғандай, өткен жылы қала бюджеті 264 миллиард теңгені құраған болатын. Жергілікті бюджет биыл 36,7 миллиардқа өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар