Алматының орталығындағы асханада өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының орталығындағы асханада өрт шықты

Алматының орталығындағы асханада өрт шықты

Дүйсенбі күні Алматы қаласының орталығында «Қағанат» асханасының жаздық айлаңқайында өрт шықты, - деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

  • 13 Сәуiр 2015
  • 494
Фото - Caravan.kz


«Асханада шыққан өрт жайлы хабарландыру өрт сөндіру қызметіне 14:27 сағатта келіп түскен.  14:43- те өрт ауыздықталды. Ал 15:00 де өрттің толығымен тоқтатылғаны жайлы хабарланды», — дейді агенттілік қызметкері. Оның айтуынша, Өртке оранған аумақтың көлемі 80 шаршы метрді құрайды. Өрт асхананың жаздық алаңқайында орнаған. Жақын маңайдағы жатақханадан 35 адам сыртқа шығарылған. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, — дейді. Қалалық төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, өртті сөндіруге 10 негізгі техника мен 3 арнайы техника жұмылдырылған.