Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметіне сүйенсек, қалада апаттылыққа арнайы талдау жүргізіліп, аудандар бойынша ең апатты учаскелер анықталған:
- Алатау ауданы — Райымбек даңғылы, Рысқұлов көшесі, Солтүстік айналма көшесі;
- Алмалы ауданы — Төле би даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі;
- Әуезов ауданы — Абай даңғылы, Алтынсарин көшесі, Райымбек даңғылы;
- Бостандық ауданы — Әл-Фараби даңғылы, Жандосов көшесі, Жароков көшесі;
- Жетісу ауданы – Ангарская көшесі, Солтүстік айналма көшесі, Жансүгіров көшесі;
- Медеу ауданы — Достық даңғылы, Құлжа трактісі, Халиуллин көшесі;
- Наурызбай ауданы — Жүнісов көшесі, Ташкент трактісі, Әшімов көшесі;
- Түрксіб ауданы — Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Майлин көшесі.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Алматы полициясы жол-көлік оқиғалары ең көп болатын тәулік деп бейсенбіні атаған еді.