Алматының қалалық соты республикалық ЖҚТБ орталығының экс-бас директорының жазасын шартты түрге ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының қалалық соты республикалық ЖҚТБ орталығының экс-бас директорының жазасын шартты түрге ауыстырды

Алматының қалалық соты республикалық ЖҚТБ орталығының экс-бас директорының жазасын шартты түрге ауыстырды

Республикалық ЖҚТБ (СПИД) профилактикасы және күрес орталығының бұрынғы бас директоры Мариям Хасанова Бостандық аудандық сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан шартты түрде айрылатын болды.

  • 15 Маусым 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

Оның ісін аппеляциялық түрде қараған Алматы қалалық сот шешімімен, бюджет қаражатын талан-таражға салған деп айыпталған бас директордың жазасын шартты түрге ауыстырды, деп жазады «Время» газеті.

Басылым 2011-ші жылы 22-ші сәуірде Алматының Бостандық аудандық соты республикалық ЖҚТБ орталығының бұрынғы бас директоры М. Хасанованы 7 жылға бас бостандығынан айырып, ал бас бухгалтер — Татьяна Недопекинаны – 9 жылға соттаған болатын деп жазады.

Одан басқа сот сотталғандардан ЖҚТБ орталығына келтірген Т32 млн қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы қаулы шағырған.

Алматы прокуратурасының соттық қадағалау басқармасының бастық орынбасары Рысбек Тұрбашев түсіндіргендей, «Хасанова шығынның өзіне қатысты бөлігін толығымен қайтарды». «Тергеу барысында ол Т2 млн қайтарды, ал бірінші сатыдағы сот үкімінен соң, 14,5 млн теңгені қайтарды. Сондықтан аппеляциялық саты Хасановаға қатысты жаза шарасын ҚР ҚК 63-ші бабын (шартты түрде соттау) қолданып, ол 7 жылға шартты түрде сотталып, оның 3 жылын сынақ мерзіммен өткеретін болды», — деп түсіндірді Р. Тұрбашев. Оның айтуынша, басқаларға қатысты үкім бұрынғы күшінде қалған. Сонымен қатар прокуратура аппеляциялық сатының қаулысын алған соң, 6 ай ішінде бұзылған үкімнің заңдылығын тексере алады.

Соңғы жаңалықтар