«Алматының жыл мұғалімі-2011» қалалық байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматының жыл мұғалімі-2011» қалалық байқауы басталды

«Алматының жыл мұғалімі-2011» қалалық байқауы басталды

Бүгін Алматыда «Алматының жыл мұғалімі-2011» қалалық байқауы басталды.

  • 4 Ақпан 2011
  • 938
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шараның ашылуына орай Оқушылар сарайында салтанатты кеш өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұл байқау 2005 жылдан бері қала әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келеді.

Биылғы байқауға 78 мұғалім қатысады. Олардың 53-і қазақ тілі, 25-і орыс тілі пәнінің ұстаздары. Қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың төрағалығымен білім басқармасы, мектеп мұғалімдері, өнер қайраткерлері мен ғалымдардан тұратын әділқазылар алқасы ең үздік мұғалімді анықтайтын болады.

Білім басқармасының біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары Раушан Ахметованың айтуынша, байқау төрт кезеңнен тұрады. «Үш кезеңнің нәтижесі бойынша ең үздік деген мұғалімдер ақтық сынға іріктелініп алынатын болады. Соңғы кезеңде олар ашық сабақ өткізуден сынға түседі. Оларға ең күрделі талаптар қойылады. Мұнда мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, танымы, ой-өрісі, балалармен жұмыс істеу деңгейі анықталады», -деді ол. Ал ақтық сын 11 наурызда өтеді.

Өткен жылғы «Алматының жыл мұғалімі-2010» қалалық байқауының жеңімпазы Алма Игілікованың пайымдауынша, аталмыш шара жас мұғалімдерге өз қабілетін, кәсібилігін көрсетуге мүмкіндік ашады.


Перейти к новостям спорта