«Алматы-Өскемен» автожолында көлік қозғалысы жанданды
Бүгін таңертең еліміздің республикалық жолдарында көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды. |
Атап айтқанда, кеше кешқұрым Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 558-615 шақырымындағы «Үшарал-Шығыс Қазақстан обл. шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған болатын. Бүгін сағат сағат 8.50-ден бастап жол ашылды.
Сонымен қатар кеше сағат 20.30-дан бері «Үшарал-Достық» жолының 0-184 шақырымындағы «Үшарал-Көктума» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұдан бөлек, ШҚО аумағындағы боран салдарынан кеше сағат 20.10-нан бастап «Алматы-Өскемен» жолының 615-683 шақырымындағы «Алматы обл. шекарасы-Қаскескелең бұрылысы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған еді. Бүгін сағат 9.10-нан бері бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін