Алматы-Өскемен тас жолында 4 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
Алматы облысының Ақсу ауданында 28 желтоқсан күні сағат 13:50-де Алматы-Өскемен тас жолының 210-шы шақырымында өрт сөндіру қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) жыраға түсіп кеткен 1 жүк көлігі шығарылып, Талдықорған қаласына қарай қозғалысын жалғастырды. |
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жолда сағат 15:40-та ҚР ТЖМ Талдықорған қалалық ЖҚЖ-ның күшімен (4 адам мен 1 техника) 3 жүк көлігі жолдың түзу учаскесіне сүйретіліп шығарылды, одан кейін көліктер Талдықорған қаласына қарай қозғалыстарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін