Алматы-Талдықорған трассасы 2016 жылдың ортасында салынып бітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы-Талдықорған трассасы 2016 жылдың ортасында салынып бітеді

Алматы-Талдықорған трассасы 2016 жылдың ортасында салынып бітеді

Ұзындығы 245 шақырым болатын «Алматы-Талдықорған» тас жолы 2016 жылдың ортасына қарай толық салынып бітеді.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 1319
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев мәлім етті. 

«Өткен аптада аймаққа Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев келді. Министрге біз инфрақұрылым нысандарының құрылысы туралы есеп беріп, «Алматы-Талдықорған» тас жолының құрылысы туралы баяндадық. Мердігерлер биыл Талдықорғанға дейін жолдың бір жолағы аяқталады деп сендіріп отыр. Ал, келесі жылы, яғни, 2016 жылдың ортасына қарай «Алматы-Талдықорған» трассасы толық салынып бітеді»,-деді әкімнің орынбасары. 
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Алматы облысы әкімдігінің ақпаратына сай, БАҚ бұл трасса 2015 жылға қарай аяқталады деген ақпарат таратқан болатын. Жалпы, төселіп жатқан трассаның ұзындығы 245 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары жолдың тоғыз учаскесінде жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны 130 млрд теңге.

Соңғы жаңалықтар