Жарияланды: 900

Алматы-Тараз күре жолы 57шақырымға қысқарды

16-желтоқсанда Жамбыл облысында Алматы-Тараз тас жолының жаңадан салынған учаскесі пайдалануға беріледі. Ол аталған бағыттағы жолды 57 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді, деп Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Кеше біз «Қырғызстан шекарасын айналып өту-Жамбыл облысы» учаскесінің соңғы 36 шақырымын салып бітірдік. (...) Көліктер онымен желтоқсанның 16-сынан бастап жүре алады», - деп жазды министр өз блогында. Ол 2010 жылдың жазынан бастап Жамбыл облысындағы «Қайнар-Ойтал» учаскесі жабылуына байланысты «Алматы-Тараз» бағытына қатынайтын көліктер қырғыз аумағы арқылы өтуге мәжбүр болғанын еске салды. «Салдарынан адамдар Шу қаласы арқылы қосымша 57 шақырым жер жүріп өтуге мәжбүр болды. Былтыр біз әзірлеген жоба бойынша, көршілес ел аумағын айналып өтетін жаңа жол салу көзделген болатын», - деп атап өтті ол осы орайда. А.Жұмағалиевтің айтуынша, Шу өзені үстіне салынған ұзындығы 125 метрлік көпір құрылысы да аяқталды. «Нәтижесінде Алматыдан Таразға дейінгі ара қашықтық 57 шақырымға қысқарды», - дейді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін