Министрліктің хабарлауынша, жол апаты 22-тамызда Алматы-Тараз тас жолының 234-шақырымында болған. «Сетра» автобусының жүргізушісі «Мазда-626» автокөлігімен соқтығысып қалды.
Апат салдарынан «Мазда-626» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Автокөлікте отырған тағы екі жолаушы, соның ішінде бір бала мен автобустың бес жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.