Бұл туралы kazpolit.kz хабарлайды.
Рейстер күн сайын сағат 17:00, 18:00 және 19:00 –де «Сайран» автовокзалынан қатынайды. Маршрут ұзақтығы 818 шақырымды құрайды. Жолға кететін уақыт – 16,5 сағат.
Айта кету керек, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалдайтын автобустар осыдан 17 жыл бұрын тоқтап қалған еді. 2017 жылдың соңында қатынас қайта жанданып, тұрақты негізде рейстер орындала бастады.
Биыл қаңтар айында Шымкент-Ташкент бағдары ашылған болатын. Бұл бағыт бойынша автобустар Шымкенттен 6:00-ден 20:00-ге дейін 1 сағат сайын жүріп тұрады. Жолға кететін уақыт 4 сағат.
Оқи отырыңыз:
Әйелдер көлік сатқанда ерлерге қарағанда аз өтірік айтады
Қостанайда жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды