«Алматы-Ташкент» тас жолы: «Айша бибі» ЖПБ-ның бекетінде 35 автобус пен 104 жүк көлігі тоқтап қалды
Жамбыл облысындағы «Алматы-Ташкент» тас жолында қар құрсауынан 23 көлік шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. |
Ауа райының аса қолайсыздығына (көктайғақ, нашар көрінушілік) байланысты Жамбыл облысында сәрсенбі, 28 қараша күні сағат 23:30-дан келесі күнгі сағат 13:00-ге дейін Жуалы ауданының «Күйік» және «Шақпақ» асуларындағы «Алматы-Ташкент» тас жолында қар құрсауынан 18 жеңіл және 5 жүк көлігі шығарылды.
«Б.Момышұлы-Қошқар ата» көлік жолында қар тұтқынында қалған көліктердегі 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оған Жамбыл облыстық ТЖД «Құтқару қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-нің 12 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.
29 қараша күні сағат 18:48-де Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Айбиік кентіндегі «Ташкент-Алматы» тас жолында 100-ге тарта жүк көлігі мен 200 адам, жолаушыларсыз 4 автобус тұрып қалды. Жүк көліктерінің жүргізушілері профилакториялар мен қонақ үйге орналастырылды, кейбіреулері туыстарына барды. Зардап шеккендер жоқ.
ІІД ЖПБ-ның қызметкерлері (жеке құрамның 6 адамы), ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД (20 адам) Ақбиік кентінде кезекшілік ұйымдастырды.
ЖПБ-ның «Айша бибі» бекетінде 35 жолаушылар автобусы мен 104 жүк көлігі кептеліп қалды, адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін