Министрлік мәліметтерінше, көлік апаты бүгін Жамбыл облысы, Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 258 шақырымында болған. 4 сағат 30 минутта Шымкенттен Алматыға бет алған, ішінде 35 адамы бар «Ванхо» жолаушылар автобусы аударылады. Қазіргі кезде жүргізушінің тұлғасы анықталып жатыр.
Алдын ала келтірген мәліметтер бойынша, апат кезінде 2 адам қаза тауып, түрлі жарақат алған 10 адам ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті