ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктерде екі жүргізуші (екеуі де 39 жаста) мен бес жолаушы, олардың қатарында — 35 және 24 жастағы екі әйел, 29 жасар ер адам және 3 пен 4 жасар балалар болған. Барлығы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.