Бостандық аудандық №2 сотында Людмила Бектемірованың төрағалық етуімен қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес үйі бұзылуы тиіс екінші топтағы мүгедек Андрей Крылов пен оның отбасын жекеменшік құқығынан айыру туралы шағым бойынша сот процессі жалғасты.
Шағымданушы тараптың өкілдері «өздерінің шағымдарын қарауды тоқтатып, жауап беруші жақтың қарсы шағымын кері қайтаруды» сұрады. Олар учаскедегі құрылысшы компания -«TSC Курылыс»ЖШС ресми хатында жерді және құрылыс нысанын сатып алу бағасын көтеретіндігін ескерткенін хабарлады. «Бүгінгі таңда инвестордың ұсынып отырған сомасы -33 млн. 895 мың 800 теңге ( шамамен 270 мың $ — Kazakhstan Today)», -деді «Алматыжер» өкілі .
Жауап беруші жақтың адвокаты Василий Резван А.Крыловтың аталған ұсыныспен таныспағанын мәлімдеді. Сот отырысы 29 қаңтарға ауыстырылды. Басқа өтініштерді сот қараған жоқ.
«Алматыжер» ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 249 бабына сәйкес арыз түсірді. Осы арызға сай , сотқа дейінгі дайындық заңсыз және сапасыз өткізілді деп танылады»,-дейді В.Резван. «Сатып алу туралы келісім жасалған жағдайда, екі жақ та өздерінің шағымдарын кері қайтарады. Әзірге тек бір жақ қана өзінің шағымын қайтарды, бірақ екінші тарап істің қаралуын талап ете алады. Кері қайтару -«Алматыжердің» ниеті, деді ол. «Бағаның аталған сомаға көтерілуі — бейбіт келісім жасау мүмкіндігінің нышаны»,дейді адвокат.
Осыған дейін хабарланғандай, қала орталығында, Түркебаев көшесі 232- үйде тұратын жауап берушіге бір жыл бұрын құрылысшы компания өтемақы ретінде шамамен 35мың$ ұсынған, бір жыл өткеннен кейін бұл сома 120мың$ ұлғайған (жекеменшік үйді «BG Consulting» ЖШС бағалаған). Алайда , А.Крылов бұл соманы жеткіліксіз деп есептейді .Тәуелсіз сарапшы оның үйін 400 мың$ бағалаған.
Осыған дейін «Алматыжер» МКК директорының орынбасары Михаил Коржов
соттан шақырту алудан және сотқа куәгер ретінде қатысудан мүлдем бас тартқан. Кеше ол учаскелік полицейдің күштеп әкелуімен сотқа қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті