«Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктері «Алматыжер» және «Пәтер бюросы» атты жерді тәркілеу жөніндегі арнаулы кәсіпорын құрған. Олардың іс-қызметі құрылыс фирмалары мен азаматтар арасындағы делдалдыққа саяды. Ал жер заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы шығындарға қатысты өтемақылар жайында жер иелерімен өз бетімен келісімге келуге тиіс»,- делінген Бас прокуратураның сайтында жарияланған бас прокуордың сөзінде.
«Аталған кәсіпорындардың іс-қызметіне құқықтық сипат беру үшін жерді тәркілеп алу жөнінде заңсыз құқықтық-нормативтік актілер қабылданған»,- деді Р.Түсіпбеков. «Прокуратура бұл актілерге қарсылық білдірді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті