Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.
Видеода ірі планмен патшайым Томирис (Альмир Тұрсын) ат үстінде жазық далада қылыш ұстап шауып келе жатады. Содан кейін камера басты кейіпкерден алшақтаған кезде ғана аттың бір орында тұрғаны белгілі болады.
Пікір қалдырушылар әртіс қыздың әзілін жақсы қабылдады.
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірлесіп, "Томирис" атты тарихи жобаны түсіріп жатыр. Киностудияның мәліметінше, бұл картинада ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы баяндалады. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.
Оқи отырыңыз:
Аялдамада тұрған әйелді көлік қағып өлтірді
«Мұның бәрі жалған қойылым» — Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды