А.Ломакинді еске түсіруге арналған турнирде қызылордалық велошабандоздар екінші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Ломакинді еске түсіруге арналған турнирде қызылордалық велошабандоздар екінші болды

А.Ломакинді еске түсіруге арналған турнирде қызылордалық велошабандоздар екінші болды

Шымкент қаласында А.И. Ломакинді еске алуға арналған велоспорттан 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдер арасында XIII дәстүрлі көпкүндік

  • 14 Сәуiр 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

республикалық веложарыста Қызылорда облысының командасы екінші орынды жеңіп алды. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен 191 велошабандоз қатысты. Қызылорда қаласынан 20 спортшы барды.

30 шақырымдық командалық жарыста Алматы облысы бірінші орынды иеленсе, Қызылорда облысы екінші орынды (команда құрамында Саламат Жанат, Мади Әзен, Нұрлыбек Әбдугафаров, Нұрымжан Амановтар бар), үшінші орында — Жамбыл облысы.

Сол сияқты 44 шақырымдық критериумда қызылордалық Мәди Әзен күміс жүлдені иеленді. Облыс командасын жарысқа Руслан Мұратбеков, Руслан Ягафаров, Станислаф Огнев және Кеңес Оразалиев сынды жаттықтырушылар дайындады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера