Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді

Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді

Павлодар. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алтай аймағы Оңтүстік Осетияның зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Алтай аймағының губернаторы Александр Карлин арнайы мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі өңір әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Террорды ақтайтын ештеңе жоқ. Қарапайым адамдарға қарсы соғыс ашу, қорғансыз балаларға қаратып оқ ату — әлсіздердің, өзінің іс-әрекетінің дұрыстығына сенімі аз әрі көрегендіктен жұрдай басшылардың үлесіндегі іс, оларды тіпті саясаткер деп атауға да тұрмайды. Алтай тұрғындары Оңтүстік Осетия халқына қарсы қолданылған басымшылық әрекетті қатаң айыптайды», — делінген Алтай аймағы губернаторының мәлімдемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар