"Алтай Пауэр" ЖШС ҚР мемлекеттік мүлік комитетімен арадағы сот шырғалаңын доғару жөнінде алдын-ала келісімге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтай Пауэр" ЖШС ҚР мемлекеттік мүлік комитетімен арадағы сот шырғалаңын доғару жөнінде алдын-ала келісімге келді

"Алтай Пауэр" ЖШС ҚР мемлекеттік мүлік комитетімен арадағы сот шырғалаңын доғару жөнінде алдын-ала келісімге келді

"Алтай Пауэр" ЖШС ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетімен Шығыс Қазақстанның энергетикалық кешенін AES компаниясына сату жөніндегі келісім статьяларына қатысты соттағы дау-дамайды доғару туралы алдын-ала келісімге келді. Бұл туралы "Алтай Пауэр" ЖШС-нің бас директоры Сергей Тазин Өскеменде өткен баспасөз мәслихатында журналистерге хабарлады.

  • 3 Қазан 2003
  • 634
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, американдық AES компаниясы Шығыс Қазақстанның энергетикалық кешенін 1997-1999-жылдар аралығында ҚР үкіметімен келісімге сәйкес сатып алған. Сатып алынған нысандардың арасында Өскемен Жылу Электр Орталығы, Өскемен Су электр стациясы, Согрин Жылу электр орталығы, Шүлбі су электр станциялары бар. Аталмыш кәсіпорындар негізінде «Алтай Пауэр» ЖШС құрылды. Ал Өскемен жылу желілері мен Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық электр тарату компаниясы «Алтай Пауэр» ЖШС-не концессияға берілді.

Нысандарды сатып алу жөніндегі келісімнің бір шартына сәйкес, мемлекет пен «Алтай Пауэр» ЖШС арасындағы барлық дау-дамай Лондон қаласындағы халықаралық сотта шешілуі тиіс. Ал ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитеті басшылығының пікірінше, барлық дау-дамайлар Қазақстан соттарында шешілуі тиіс.
2003-жылдың 21-қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық соты мемлекеттік мүлік комитетінің ЖШС-іне қатысты келісімнен аталмыш пунктті алып тастау туралы шағымын қабылдамай тастады. Осымен бір уақытта ЖШС басшылығы мен комитет аталмыш шиеленісті реттеу жөнінде өзара келіссөздер жүргізуде. Алдын-ала келісім қорытындысы соттағы дау-дамайды доғаруға мүмкіндік береді. Алайда, С.Тазиннің пікірінше, бұл келісімді ендігі жерде заңдық тұрғыда рәсімдеу қажет.

Соңғы жаңалықтар