Алты қазақ боксшысы - жартылай финалда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алты қазақ боксшысы - жартылай финалда

Алты қазақ боксшысы - жартылай финалда

Сербияда өтіп жатқан бокстан Beogradski Pobednik халықаралық турнирінде алты қазақ боксшысы жартылай финалға шықты.

  • 22 Сәуiр 2013
  • 505
Фото - Caravan.kz

52 келіде Олжас Сәттібаев ширек финалда канадалық Эмеллиен Боушерді үшінші раундқа жеткізбей сұлатты. Ал жартылай финалда болгар Александр Александровты ұтты. Сәттібаев енді финалда серб Милоч Валтикпен жұдырықтасады, деп хабарлайды «Аламан».

60 келіде Берік Әбдірахманов румын Александру Цициериануды және шотландық Карлес Флунды жеңіп, алтынға таласуға мүмкіндік алды.

64 келіде Сабыржан Бекбергенов венгр Андреш Бадаштан 12:3 есебімен басым түскенімен, жартылай финалда шотландиялық Люьис Венсоннан ұтылып, қоланы қанағат тұтты.

69 келіде Сүлеймен Бердіқаев француз Шабан Фехумды және словакиялық ПетрикРаджсаниді жеңді. Енді ол алтынға таласады.

75 келіде Жәнібек Әлімханов та финалда. Ол серб Александар Дреновакты және словак Иосеф Сиротекті алтыннан айырды.

81 келіде Нұрдәулет Жарманов австриялық Дулан Харди мен босниялық Дарко Кучукты оңай ұтып, финалға жолдама алды.

91 келідегі Арбек Абдіғаниев те алтынға таласады. Ол алдымен австриялық Джей Опетеяны жарыстан шығарса, кейін словак Эрик Тлканечті финалға жеткізбеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера