Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты

Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты

Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті

  • 17 Сәуiр
  • 10
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Comex биржасындағы маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни 61,22 долларға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алтын бағасының рекордтық деңгейге жеткенін білдіреді.

Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған. Геосаяси шиеленістер аясында алтын дәстүрлі «қауіпсіз актив» ретінде сұранысқа ие болып отыр.