«Алтын белбеу» турнирі; бас жүлде - 150 мың АҚШ доллары! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын белбеу» турнирі; бас жүлде - 150 мың АҚШ доллары!

«Алтын белбеу» турнирі; бас жүлде - 150 мың АҚШ доллары!

Тамыздың 20 жұлдызында Астана қаласында қазақ күресінен «Алтын белбеу» турнирі өтеді. Бас жүлдеге 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тігіліп отыр.  Қазақстанның барлық аймағында іріктеу басталды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

 Аталмыш сын алдымен ауылдық жерлерде одан кейін облыстық деңгейде өтпек. Бүгін Қызылорда облысы да мықты балуандарын анықтады. Облыс орталығында жас ерекшеліктеріне қарай үш топта финалдық бәсекелер аяқталды. Ересекетер бәсекесінде ең жеңіл салмақта Бауыржан Райысовтың шоқтығы биік болса, 60 келіде  Асхат Пірімбетов ал, 66 келіде Қайрат Жалғасбаев үздік шықты. 74 және 82 келі салмақ дәрежесінде  Қайрат Үсенов пен Алмат Тайбағаров та алтыннан алқа тақты.  90 келіде Жасұлан Досымов қарсыласына шақ келтірмесе, ауыр салмақта Ұлан Рысқұл жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Абсалютті салмақта қарсылас шақ келтірмеген Руслан Әбдіразақов осымен екінші мәрте  «Түйе балуан» атанып, «Алтын белбеу» иегері сонымен қатар бір жарым миллион теңгені қалтасына басты.  Енді аса ауыр салмақтағы төрт балуан Астанада Қызылорда облысының намысын қорғамақ.  

Биылғы жыл көпкүндік супервелодода  “Тур де Франста” жол апаттары жиі орын алуда.  Тоғызыншы кезең отандық  велоклуб “Астананың” лидері Александр Винокуров үшін сәтсіз аяқталды.

Мәреге 90 шақырымдай қалғанда  үлкен жылдамдықпен келе жатқан бір қара топ  тар жолдағы бұрылыста бір-біріне кептеліп, нәтижесінде бірнеше велошабандоз  қатты жарақат алды. Осы оқиғаның ортасынан табылған  “Астананың” капитаны Александр Винокуровтың  жарақаты жеңіл болмай шықты. Алғашқы рентгеннің нәтижесі қызылжарлық велошабандоздың жамбасынан жарақат алғанын көрсетті. Кеше Париждегі ауруханалардың бірінде Винкуровқа операция жасалды.  Биылғы “Үлкен дулығаға” үлкен үмітпен аттанған отандық клубвеложарыс енді қызып келе жатқанда лидерсіз қалды. 


Қазақстан ұлттық құрамасы Дэвис кубогы жолындағы жарыстың ширек финалында
Аргентинадан ойсырай ұтылды. Жеке сыннан өткен алғашқы ойын күні Хуан Мартин Дель Потро  жерлесіміз Михаил Кукушкиннен айласын асырса, өз кезегінде  Хуан Монако еліміздің тағы бір мықтысы Андрей Голубевке дес бермеді.

Жұптасып өнер көрсетуде де латынамерикалық теннисшілер үздік шықты.   Хуан Игнасио Чела мен Эдуардо Шванк жұбы үш сеттегі бәсекеде Евгений Королев пен Юрий Щукиннен басым түсті. Жекелей сыннан өткен үшінші жарыс күні тағы да аргентиналықтар ерледі.  Қазақстанды  5:0 есебімен жеңген Аргентина мәртебелі кубок үшін жарыстың жартылай финалында  әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковия бастаған Сербия құрамасымен күш сынасады. 

Соңғы жаңалықтар