“Алтын белгі” иегерлері тағы бір емтихан тапсыратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Алтын белгі” иегерлері тағы бір емтихан тапсыратын болды

“Алтын белгі” иегерлері тағы бір емтихан тапсыратын болды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Алтын белгі” иегерлері барлық жеңілдіктерден қағылады” деп алғаш дабыл қаққандардың бірі – Қуат Домбай болатын. Қоғам белсендісі “бұл – парақорлық бар екен деп мүге

  • 16 Мамыр 2017
  • 697
Фото - Caravan.kz

“Алтын белгі” иегерлері барлық жеңілдіктерден қағылады” деп алғаш дабыл қаққандардың бірі – Қуат Домбай болатын. Қоғам белсендісі “бұл – парақорлық бар екен деп мүгедектердің де жеңілдігін алып тастаумен пара-пар” деп отыр.

“Ешқандай айырмашылығы жоқ. Бір жағынан ол парашылдыққа байланысты дейді. Немесе үлкен стресс болады дейді. Ол түсінікті. Бірақ, парашылдық болса, министр сол парашылдықты алып тастау керек”, – деді қоғамдық белсендісі Қуат Домбай.

Қуат Домбай бұл саладағы парақорлықпен күресті – басқаруды реттеуден бастау керек дейді. Ал, министрлік өкілдері басты ерекшелік – “Алтын белгіні” мектеп қабырғасындағы емтиханда қорғап алатындығы деп отыр.

“Одан ары қарай жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеуде “Алтын белгіні” тағы да дәлелдеудің қажеттігі жоқ”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті басқармасының басшысы Талғат Жәкенов.

Яғни, мектептегі сынақ өз алдына, университетке түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу тағы бар.


“1-сыныптан бастап жақсы оқып келе жатқандықтан өз біліміме сенімдімін. Қандай тест болмасын, қандай емтихан болмасын білімімді ақтап шығамын деп үміттенемін. Өзіме сенемін”, – дейді 11-сынып оқушысы Әлия Жүсіпбекова.

Бұл шешімге түрткі болған тағы бір себеп – “Алтын белгі” иегерлерінің ешбір байқаусыз қалаған мамандыққа түсіп кетуі әділетсіздік деген тұжырым. Алайда, Кеңес кезеңінен бастап, 37 жыл ұстаздық етіп келе жатқан Жамалхан Інгебаева өзгелерге үлгі етерлік “Алтын белгінің” қадірін кетірмейік дейді.

“Бір меніңше алтын солай алтын болып қалуы керек. Алтынға күйе жақпай, алтынды мазаққа ұшыратпай”, – деді мұғалім Жамалхан Інгебаева.

Былтыр “Алтын белгіге” үміткер болған 5 мыңға жуық түлектің жартысы ғана үздік екендіктерін дәлелдей алған. Биыл 6 280 мектеп бітіруші “Алтын белгі” алуға ниетті көрінеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 күндей қалғанын ескерсек, бұл шешімнің өзгере қоюы екіталай сияқты.