«Алтын белгіге» үміткерлердің жалпы саны — 5 037 түлек болды, оның 4 982-сі тестілеуге қатысты, 3 259-і, яғни 65,4 пайызы — өздерінің үздік білімдерін растады. Үздік білімдерін растай алмағандардың саны — 1720, оның ішінде бір пән бойынша — 996 түлек. 450 мектеп бітірушіге «Алтын белгі» белгісін растауға 1 балл жетпей қалды. Бірақ оларға үздік аттестат беріледі.