«Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады

«Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады

Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында «Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 28 Маусым 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz


«Алтын белгіге» үміткерлердің жалпы саны — 5 037 түлек болды, оның 4 982-сі тестілеуге қатысты, 3 259-і, яғни 65,4 пайызы — өздерінің үздік білімдерін растады. Үздік білімдерін растай алмағандардың саны — 1720, оның ішінде бір пән бойынша — 996 түлек. 450 мектеп бітірушіге «Алтын белгі» белгісін растауға 1 балл жетпей қалды. Бірақ оларға үздік аттестат беріледі.

Соңғы жаңалықтар