«Алтын бутса» иегері анықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын бутса» иегері анықталады

«Алтын бутса» иегері анықталады

Еуропалық ұлттық футбол лигасының үздік шабуылшы жүлдесі — «Алтын бутса» үшін дау жалғасуда, деп хабарлады Sports.kz.

  • 12 Желтоқсан 2016
  • 732
Фото - Caravan.kz

Бірінші орынға 15 гол соққан (30 ұпай) дортмундық «Боруссия» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамейянг шықты. Соңғы 4 турда оның есебінде 8 гол, оның ішінде мюнхендік «Бавариямен» ойында жеңіске жеткен, деп жазды Championat.com.

Қазіргі сәтте қазақстандық Премьер-Лиганың үздік шабуылдаушысы «Қайрат» командасындағы ивуариялық Жерар Гоу танымал жұлдыздар Эдисон Кавани (ПСЖ), Криштиану Роналду («Реал»), Серхио Агуэро («Манчестер Сити») және Лео Мессиді («Барселона») басып озып, 22 голмен 14-орынға орналасты.

11-ші орында қарағандылық «Шахтердің» тәрбиеленушісі, борисовтық БАТЭ футболшысы Беларусь чемпионатында 28 ойында 15 гол соғып үлгерген Михаил Гордейчук екенін атап өткен жөн.