«Алтын қалам» дарынды қаламгерлерді іздейді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.63
  • 535.13
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын қалам» дарынды қаламгерлерді іздейді

«Алтын қалам» дарынды қаламгерлерді іздейді

«Алтын қалам 2024» байқауы авторлардың жұмыстары қараша айының 20-на дейін қабылдайды.

  • 13 Қыркүйек
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Барлық жұмыс aqalam.kz сайтына орналастырылады.

Конкурсқа кез келген адам, танымалдығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына қарамастан қатыса алады.

Конкурсқа ортамызда жүрген, көзі тірі авторлардың шығармалары ғана қабылданады.

Конкурсқа шығармаларды автордың өзі ғана жолдай алады/соавтор, автордың (құжаттағы) аты-жөні  көрсетілмеген шығармалар,  үшінші бір адам арқылы жіберілген жұмыстар қаралмайды. 

Шығармалар тек қазақ тілінде жазылуы тиіс.

Қатысушылар бір мезгілде Конкурстың бірнеше номинациясына жұмыстарын ұсына алады.  

Әрбір қатысушы Конкурстың бір жанрына 3 шығармаға дейін жолдай алады. 

Конкурстың 2024 жылы жарияланған аталымдарына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.  

Назар аударыңыз! Қатысушылар үшін конкурс анонимді түрде жүргізіледі.  Конкурсты өткізу және қорытынды шығару кезінде қатысушылардың тіркелу мәліметтерін  ұйымдастыру комитеті мен сайт администраторы ғана қарай алады.