Алтын кенішінде 13 шахтер өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алтын кенішінде 13 шахтер өлтірілді

Алтын кенішінде 13 шахтер өлтірілді

Перу елінің солтүстігіндегі Патас провинциясында орналасқан алтын кенішінде 13 шахтер қаза тапты. Олар "Poderosa" атты ірі тау-кен компаниясында жұмыс істеген және бірнеше күн бұрын белгісіз қарулы топ тарапынан ұрланған. Қаза тапқандар шахта ішінен табылды

  • 5 Мамыр
  • 6
ФОТО: Getty Images

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, шахтерлер заңсыз алтын өндірушілерге қарсы жіберілген, алайда оларды шахтаға басып кірген қылмыстық топ тұтқынға алып, кепілде ұстаған. Тіпті олар туыстарына қоқан-лоқы хабарламалар жіберген. Diario Correo басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде шахтерлердің жақын қашықтықтан атылған сәті түсірілген видео пайда болған. Қылмыскерлердің мұндай қатыгездікке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

«Poderosa» компаниясы бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, соңғы жылдары заңсыз кен өндірушілердің белсенділігі күрт артқанын және олардың полиция мен әскерге бағынбай, еркін әрекет етіп жүргенін айтты. Компания бұл жағдай қызметкерлердің өміріне тікелей қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін, наурыз айында, сол өңірде қылмыстық топ компания мердігерлеріне шабуыл жасап, екі адамды өлтірген. Сол айда тағы бір топ жоғары кернеулі электр мұнарасын жарып, бірнеше шахтаға басып кіруге әрекет жасаған.

«Poderosa» компаниясы үкіметті заңсыз кен өндірушілер мен ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы нақты шаралар қабылдауға шақырды.

Айта кетейік, Перу – әлемдегі алтын өндіру көлемі бойынша көшбасшы елдердің бірі. Ел жыл сайын 100 тоннадан астам алтын өндіріп, әлемдік нарыққа 4%-ға жуық үлес қосады.