«2019 жылдың II тоқсанында алтынның орташа бағасы 1279 доллар, күмістің бағасы 15,11 доллар шамасында болады. Жаз кезінде бағалар тіптен түсуі мүмкін, яғни алтын 1200 долларға, ал күміс 14 долларға дейін барады. Бұл жаз кезінде әлем бойынша металлға деген сұраныстың түсіп кетуімен байланысты», — де ді ол.
Сарапшының айтуынша, бағалы металл бағасына жетекші орталық банктер мен федеральді қор жүйесінің саясаты да әсер ететін көрінеді.