«Чаралтын»АҚ мен Eurasia Gold Corporation Қазақстандық компанияның жеке акцияларын Канадалық компанияның қарапайым акцияларына алмастыру жөніндегі ниет келісіміне қол қойды. «Сауда- саттық екі жақ үшін де тиімді жолмен, тиісті қор биржаларының бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларының талаптарын орындау шартымен кері жұтылу(reverse take-over) деп аталатын түрде жүзеге асырылады»,- делінген қазақстандық кәсіпорын таратқан баспасөз баянында.
«Бұл сауда-саттық «Чаралтын»АҚ-ына тау-кен компаниялары үшін ең ірі сауда алаңы — Торонто қор биржасына шығуға және компанияның ресурстық базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Торонто қор биржасында листингіге ие болу компанияға халықаралық капитал рыногына жол ашу арқылы өз кезегінде ағымдағы және жаңа жобаларды қаржыландыру көлемін оңтайландырады. Компания акционерлері үшін тағы бір артықшылық — компанияға әділетті нарықтық баға беру мүмкіндігі тумақ»,- дейді «Чаралтын»АҚ-ның президенті Балтабек Мұқашев.
Сауда-саттық міндетті шарттарды орындау нәтижесінде 2005-жылдың 29-қарашасына дайін жүзеге асады деп күтілуде.
Қазақстанның алтын өндіруші «Чаралтын» АҚ-ның акциялары Қазақстан қор биржасында сатылады. 2004-жылы компания 1,254 килограмм алтын өндірді. Компания Шығыс Қазақстан облысындағы Мизек кенішінде және аумағы 12 мың шаршы шақырымды құрап, 12 кенішті қамтитын Шар алтын кені аймағының аумағында алтын өндіреді.
Eurasia Gold Corporation да алтын өндіреді және оның акциялары Торонто қор биржасында сатылады. Компания өзінің негізгі іс-қызметін Шығыс Қазақстан облысындағы Орталық Мүкір және Миялы кеніштерінде жүргізеді. 2004-жылы Eurasia Gold Corporation 889 килограмм алтын өндірді.