Жарияланды: 360

«Алтын Орда» базарына жарылғыш зат «қойған» азаматтың қолына кісен салынды

Алматы облысының полицейлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде жалған «телефон лаңкесінің» қолына «ізі суымай» кісен салынды.

Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтерінде хабарланды. 8 қараша күні күндізгі сағат төрт жарым шамасында Талдықорған қаласының құтқару қызметіне белгісіз біреу телефон шалып, Қарасай ауданына қарасты «Алтын Орда» базарында жарылғыш құрылғының жасырылғандығын хабарлаған. Суыт хабар келіп түскен кезден бастап, дереу оқиға орнына жол полициясы экипаждары, жедел-іздестіру топтары, кинологтар мен төтенше жағдай департаментінің өкілдері аттандырылды. Оқыс жағдайды тудырмас үшін оқиға орнын аталған қызметтер күшімен қоршау туралы шұғыл шешім қабылданды. Базар аумағынан 5000-ға жуық адам эвакуацияланды. Сауда орындарының айналасын техникалық құрылғылар мен арнайы қызметтік із-кескіш иттердің көмегімен мұқият тінтіп шыққан мамандар ешқандай жарылғыш немесе оған ұқсас зат таппады. Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кешенді түрде жүргізген жалпы және арнайы жедел іс-шаралардың нәтижесінде 32 жастағы облыс тұрғыны қолға түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін