"Алтын тек бокстан келеді": Журналист Париждегі олимпиадаға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтын тек бокстан келеді": Журналист Париждегі олимпиадаға қатысты пікір білдірді

"Алтын тек бокстан келеді": Журналист Париждегі олимпиадаға қатысты пікір білдірді

Олимпиадалық құрамамыздың шерулік формасының жеңіне дейін сол жемқорлық жеп қойды, дейді журналист.

  • 18 Шiлде
  • 71
Фото: ашық дереккөз

Головкин өлсе де, тірілсе де — мансабында жиған бар абыройын сарп етсе де — бокстан бір алтын алад, деп жазды Алмас Алтай өзінің фейсбук парақшасында. Caravan.kz толық тарқатады.

Үйткені, басқа спортта алтын алатын адам жоқ. Баяғы Винокуров сияқты, Баландин сынды оқыстан жарқ ететін саңлақтар сол беті жойылды — ол қазақ спортының соңғы тұяқ серпуі еді, енді ондай сыйлыққа орын жоқ.

Қазір спорттың барлық саласында, барлық деңгейінде, барлық кеңсесінде жемқорлық дәуірлеп тұр.

«Олимпиадалық құрамамыздың шерулік формасының жеңіне дейін сол жемқорлық жеп қойды», — деді журналист.

Алтын келсе тек бокстан келеді. Бокстан келетін алтынды кім келтіреді? Дәмелі екі-үш бала бар өзі, қалғандары екі, үш айналым шыдап берсе шын жүректен алғыс айтамыз — бокста бәсеке сұмдық Парижде!

Бибосынов берерін беріп болғандай көрінеді, солғын. Бұл бір, екіншіден Сәкеннің салмағында өзбектің үкілі үміті — Хасанбай Досматов бар. Өзбектер Хасанбайдан екі дүркін жасағысы келеді. Жасайды.

Махмұд Сабырхан жаман емес… Үмітім зор. Бірақ, бір бірақ бар… Сабырханның салмағында тағы бір өзбек оғланы тұр — Әбдімәлік Халықов!

Өзбекбасы Шапқат Мырзаев жасыл ала туды Халықовтың қолына бекер ұстатқан жоқ. Әйтпесе, бұған дейінгі айнымас тубегі Баһадүр Жалалов қай өзбектен кем еді? Демек, өзбек Парижден кемінде үш алтынмен қайтуға ниетті…

Ал, Тоқаев туды Асланбекке ұстатты. Демек, Құдай қырсықтан аман сақтаса Асланбек алтынмен оралуы керек!

Ол үшін Кеңес Рақышев та, Шахмұрат Мүтәліп те, Геннадий Головкин де жанталасты салады. Тек жанталас емес, қанша керексе сонша қаражат та салады — Токиодағы масқара өз алдына, Парижден де алтынсыз қайтса Тоқаев Маржықпаевқа «арызыңды жаз, шырағым» дейді…

Тіпті, «ақпарат пен мәдениетті әдемі басқарып отырсың ғой» деп, спортты да Аида Балаеваға бере салуы да мүмкін!

«Сондықтан, «Асланбек алтын әкеледі» деген сенім күшті менде.

Бірақ… «Бірақсыз» болмай тұр ғой, құрығыр: Сэвон Окадзава деген жапон бар. Түсі қара, негр кәдімгі — бірақ, жапон. Әкесі қара, шешесі жапон ба, сондай бірдеңе. Сол айуан Головкиннің үмітін үпіріп сөндіріп кетуі де мүмкін…», — деп қосты журналист.

Бірағы жоқ бір салмақ бар — аса ауыр салмақ: ол да өзбектікі! Баһадүрі бар өзбектер қандай бақытты иә?!

Баһадүр сияқты даусыз алтын алатын бір баһадүрің болса кредитке болсын билет алып Парижге барасың ғой я…Баһадүр сияқты Ерді туған Өзбек ұлы халық қой! Біздің отырысымыз мынау, біресе жапонға жалтақтап, бірде өзбектен қорқып… Әйтеуір, бар үміт Головкинде…