«Алтын үкі» халықаралық сайысы жалауын көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын үкі» халықаралық сайысы жалауын көтерді

«Алтын үкі» халықаралық сайысы жалауын көтерді

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Спасск» оқу орталығында мерген жұптардың және арнайы мақсаттағы барлаушы топтардың даярлығын сынайтын халықаралық «Алтын үкі» жарысы жалауын көтерді.

  • 11 Шiлде 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

Жарыстың салтанатты түрде ашу рәсіміне министрдің бірінші орынбасары — ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов келді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алты күн бойы өтетін әскери қызметшілердің аталмыш жарысына бақтарын сынауға Қазақстан армиясының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Ұлыбритания, Иордания мен Украинаның әскери қызметшілері қатыспақ. Сондай-ақ, шараның барысын Қазақстанда тіркелген Әскери дипломатиялық корпус бақыламақ.

Жарыстың басты міндеті — кәсіби тәсілдер мен жаттығуларды орындаудың әдістерін жетілдіру, әскери қызметшілердің далалық жағдайда ату деңгейін, күрделі жағдайда жүктелген тапсырманы орындаудағы даярлық дәрежесін анықтау, қиын-қыстау кезеңдегі жауынгерлердің шыдамдылықтарын тексеру, тәжірибе алмасу, барлау топтарының іс-әрекеті кезінде пайдаланылатын тың әдіс-тәсілдерді және жаңа қару-жарақ пен арнайы техниканың мүмкіндігін зерттеу.

— Осы секілді іс-шаралар біздің елдердің әскери ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылдардың деңгейін арттыра түсері сөзсіз, — деді генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жарыстың салтанатты ашылуында сөйлеген сөзінде.

Сайыстың алғашқы күні қатысушылар жарыстың арнайы түрлері бойынша нормативтер тапсырып, топтардың жауынгерлік тапсырманы орындауға әзір екендіктерін көрсетті. Пистолет пен автоматтан ату жаттығуларын олар бір орында тұрып, жүріп бара жатып әртүрлі жағдайларда орындады.

Шара барысында әскери қызметшілер ату, жүгіру, суық қаруды шебер меңгеру, қоян-қолтық ұрыста қолданылатын әдістерді жетілдіру, десант болып түсу, әскери-медициналық әзірліктегі жетістіктерін, жарылғыш заттарды заласыздандыруда жинаған мол білімдері мен тәжірибелерін танытып қана қоймай, өте қиын әрі қауіпті жағдайда өмірлерін сақтай алатындықтарын, мәселен сіріңке жоқта от жағып, тағам әзірлеу сияқты жаттығуларды жұртшылық назарына ұсынбақ.

Мұндай халықаралық жарыстар 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Бұл — осымен төртінші рет өткізіліп отырған жарыс.

Соңғы жаңалықтар