«Алтын жұлдыз» және «Алтын самұрық» сыйлығының лауреаттары белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алтын жұлдыз» және «Алтын самұрық» сыйлығының лауреаттары белгілі болды

«Алтын жұлдыз» және «Алтын самұрық» сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Бүгін Алматыда Қазақстан журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» және «Алтын самұрық» сыйлығының лауреаттары марапатталды.

  • 20 Қараша 2012
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бұл шара «Қазақстанның медиа нарығы: оңтайлы басқару және дамытатын тұстары» деген тақырыппен өтіп жатқан 5-ші медиа құрылтайда жүзеге асты.

«Әлихан Бөкейхановтың журналистік мұрасының беймәлім беттерін ашып, рухани мұрасының 7 томдық шығармалар жинағын шығарғаны үшін Чехиядан Сұлтан Аққұлұлы «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталады. Бұл сыйлық Қазақстанның бүкіл демократиялық баспасөзінің қарлығашы «Қазақ» газетінің 100 жылдығы қарсаңында беріліп отыр. Ал екінші «Алтын жұлдыз» сыйлығы «Эдельвейс» баспа үйінің негізін қалап, ұйымдастырған Виктор Заботкинге беріледі», — деді Қазақстан журналистер академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев. Сондай-ақ, академия президентінің атаулы жүлдесі «Алтын самұрық» сыйлығына «Отандық журналистикадағы өлшеусіз үлесі үшін» «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам ие болды. Бұған дейін «Алтын самұрық» сыйлығына Марат Барманқұлов, Иосиф Будневич, Қуаныш Сұлтанов, Ғаділбек Шалахметов, Герольд Бельгер, Алтынбек Сәрсенбаев, Әнуар Әлімжанов, Хасен Оралтай, Арманжан Байтасов, Дүкеш Бәйімбетов сияқты тағы басқа да тұлғалар ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар